• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
30 Желтоқсан, 2018

eGov.kz порталында сотталмағандығы туралы анықтаманы апостильдеу мүмкіндігі пайда болды

684 рет
көрсетілді

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ пилоттық режимде апостильмен сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтаманың іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Енді азаматтар көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін қалайтын өтініш берушімен анықтаманы апостильмен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалын таңдау мүмкіндігі болып табылады.

Бұл көрсетілетін қызмет eGov.kz порталыда электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою арқылы немесе СМС-пароль арқылы (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті) көрсетіледі.

Көрсетілетін қызмет «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде, «Жұмысқа орналастыру және жұмысты іздеу» қосымша бетінде қолжетімді. Қызметтің атауы «Сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтама беру».

Осы көрсетілетін қызметті алу үшін «Онлайн көрсетілетін қызметке тапсырыс беруді» таңдау, ұсынылған нысанды толтыруы қажет.

Апостильмен анықтама алуға сұрау салу берген кезде Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын таңдау және мемлекеттік бажды төлеу қажет.

Естеріңізге саламыз, бұрын сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтамаға апостиль қою мүмкіндігі «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ фронт-кеңселеріне жүгінген кезде көрсетілетін болатын.

Анықтама: Қазақстан қосылған Гаага Конвенциясының негізінде, Конвенцияға қатысушы елдердің бірінің мемлекеттік мекемелері беретін құжаттар оларға апостиль қойылған жағдайда консулдық ресмилендірусіз басқа қатысушы елде жарамды болып табылады.