31 желтоқсан сағ 23.00-де Астана қаласының 20-жылдығына арналған жаңа-жылдық марафон өтеді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған бастаманы ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұйытқы болды. Жүгірудің алдында арнайы флеш-моб ұйымдастырылады. Марафонды бастауға сигналды Аяз-ата береді. Старт сағ 23.30 «Бәйтерек» жанынан басталып, «Сулы-Жасылды гүлзар» арқылы «Хан-Шатыр» ССО дейін жалғасады(мұз қалашығы). Жаңа-жылдық шараға белгілі спортшылар мен елімізге танымал мәдениет қайраткерлері қатысады деп күтілуде. Марафон қатысушылары мен қала қонақтары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа-жылдық құттықтауын Мұз қалашығы аумағына орналастырылған ЛЭД-экран арқылы тамашалай алады.