Астанада 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні 24 сәби дүние есігін ашты. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева хабарлады.
"Жаңа жыл түні Астана бойынша 24 сәби дүниеге келді. Оның 12 ұл, 12 қыз. Барлығы да өздерін жақсы сезінуде. Құтты болсын!", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Ал 2017 жылдың 31 желтоқсанынан 2018 жылдың 1 қаңтарына қараған түні 57 бала дүниеге келген еді.