Мемлекет басшысы Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.