• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қаңтар, 2019

Даниядағы темір жол апатынан 6 адам қаза тауып, 16 жолаушы жараланды

331 рет
көрсетілді

Данияның Фюн аралында Үлкен Бельт көпіріндегі темір жол апатынан 6 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған. Бұл туралы ҚазАқпарат жергілікті полицияның ресми сайтына сілтеме жасап, хабарлайды.

«Фюн полициясы Үлкен Бельт көпіріндегі жол апатында 16 адам жараланып, 6 адам қаза болғанын хабарлайды. Апат бүгін таңғы сағат 07.30-да болған», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында полиция мен құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Нюборгте пойыз жолаушыларына арналған эвакуациялық орталық жасақталды. Пойызда 131 адам болған.