• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қаңтар, 2019

Таиландтағы дауылға байланысты ескерту берілді

555 рет
көрсетілді

Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшілігі Таиландта тынығып жатқан қазақстандықтарды абай болуға шақырды. Өйткені, Таиланд жағалауына «Пабук» тропикалық дауылы жақындап келе жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар! Барынша абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз. Оңтүстік Қытай теңізінен басталған «Пабук» тропикалық дауылы Спратли аралдарының оңтүстік-батысында, бүгінде ол Сиам шығанағына жақындап келе жатыр. 5 қаңтар күні дауыл Таиланд жағалауына жетеді», - делінген елшіліктің ескертпесінде. 

3, 4 қаңтар күндері Сураттхани, Накхонситхаммарат, Пхаттхалунг, Сонгкхла, Паттани, Яла, Наратхиват, Краби, Транг және Сатун провинцияларында нөсер жауын жауады. Ал 4, 5 қаңтарда Пхетбури, Прачуапкхирикхан, Накхонситхаммарат, Пхаттхалунг, Сонгкх ла, Паттани, Яла, Наратхиват, Ранонг, Пхангнга, Пхукет, Краби, Транг және Сатун провинцияларында қатты жауын күтіледі. 

Соңғы жаңалықтар