• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қаңтар, 2019

Екібастұзда өткен жылы 2 мың сәби дүниеге келді

407 рет
көрсетілді

Алдыңғы жылы Екібастұзда 2 мың сәби  дүниеге келді. Осы сәбилердің бірі Савелий Бунин 2018 жылы сәуір айында 5,9 келі салмақпен өмірге келген-ді.

Ал Жаңа жыл қарсаңында қалалық перзентхана күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, перзентхананы күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 203 миллион теңге қаржы бөлінген.

Перзентхананың ішкі-сыртқы жаңғырту, жаңарту жұмыстарын «Су НВК» ЖШС-і  мердігер компаниясы жүргізді.

Ал, қалалық мәслихаттың депутаты Николай Арсютин де демеушілік жасап,  жөндеу  жұмыстарына 1 миллион 200 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсеткен.

Сондай-ақ, «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі де 8 миллион теңге қаржы бөліпті.      

Жалпы, перзентханаға 2 наркоз аппараты, 5 тыныс алу аппараты, 2 жүк лифті сатып алынды.

 Баянауыл ауданының жүкті және жаңа босанған әйелдеріне медициналық көмек көрсетеді.

Перзентхана 105 төсекке есептелген. Соңғы 3 жылда ана өлімі тіркелген жоқ. Қала және  қала аумағына қарасты ауылдар  жыл сайын бала саны көбеюуде.

Ал, күрделі жөндеуден кейін әйелдер босану бөлмелері қазіргі заманғы «Қауіпсіз ана» атты жаңа технологиялар талабына сәйкес жасалған.          

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы