• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2019

Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның туғанына 100 жыл толуына орай кеш өтті

576 рет
көрсетілді

Алматыда А.Селезнев атындағы хореографиялық училищеде «Өрлеу» жас артистер театрында Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты кеш өтті.

Салтанатты шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асхат Сыздықов, Оңтүстік Африканың Қазақстандағы Елшісі Кийтуметци Сийпило Тандека Мэттьюс, Абай атындағы Опера және балет театрының  директоры Ая Қалиева, Евразиялық мәдениет қорының вице-президенті Шыңғыс Қанапиянов, П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің директоры Біржан Хасанғалиев, Ж. Елебеков атындағы эстрада цирк колледжінің директоры Дәулет Досбатыров, Қазақстан 8 ОАР қорының директоры Данияр Шаріп, Қазақстанда тұратын әрі жұмыс істейтін ОАР өкілдері, балет ардагерлері қатысты.

Саланатты шара барысында ғылым магистрі, тарих пәнінің оқытушысы А.Райымқұлова Нельсон Манделаның қоғамдық-саяси өміріне қатысты баяндама жасаса, Оңтүстік Африканың Қазақстандағы Елшісі Кийтуметци Сийпило Тандека Мэттьюс құттықтау сөз сөйледі.  Одан кейін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асхат Сыздықов екі ел арсындағы экономикалық-саяси және мемлекеттік байланыстар туралы айтып өтсе, келесіде Нельсон Манделаның өмірі мен қызметіне қатысты фото және деректіфильм көрсетілді. Сондай-ақ директордың оқу-әдістеме бірлестігі бойынша орынбасары Гүлзара Қанапиянова Елші Кийтуметци Сийпило Тандека Мэттьюске 1993 жылы түсірілген тарихи суретті табыс етті.         

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ