Инновациялық өнертабыстар бүгінде адамзат өмірінде қауіпсіз әрі жылдам қызмет көрсететін әрі тиімді болатын тың жаңалықтарды енгізуде. «Филип Моррис Интернэшнл» компаниясы осы мақсатта шылым шегудің себеп-салдары мен қатерлерін төмендету мақсатында жаңа технологияларды өндірісте пайдаланып келеді.
ФМИ бас атқарушы директоры Андре Калантзопулос құрамында никотин бар түтінсіз өнімдерге қатысты өз ойын білдіріп, келешекте шылым шегетіндер баламалы өнімдерді тұтынуға көшетіндігіне тоқталды. ФМИ тарапынан көптеген жылдар бойы жүргізілген зерттеулер 2014 жылы нарыққа IQOS жүйесін енгізді. Оның негізгі себебі болып денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерді барынша азайту. Бүгінде дүние жүзі бойынша шылым шегушілердің басым көпшілігі IQOS-ты пайдалануға көшкен.ФМИ-дің ғылыми және қоғамдық коммуникациялары бойынша вице-президенті, фармацевтика ғылымдарының докторы Мойра Гилкристтың жобалауы бойынша 2025 жылға қарай әлем бойынша 40 млн-нан астам шылым шегуші сигареттердің баламалы түрлеріне ауысатын болады.
Ғылыми зерттеулер IQOS-ты пайдалану кезінде қауіпті әрі улы газ бөлінбейтіндігін көрсетеді.
ФМИ-дің медициналық департаментінің басшысы Франк Людикенің айтуынша, барлық зертеулер қорытындысы шылым шегуден туындайтын аурулар мен қауіп-қатердің алдын алу әрі оны төмендетуге ықпал ету. Компанияның ғылыми жұмыстары қауіп-қатерлерді төмендетумен байланысты болғанымен, оның мүлдем жоқ деп есептемейді. Темекінің құрамында дағдылануды қоздыратын никотин бар. IQOS-ты пайдалану денсаулыққа зиян. Бірақ мәселе зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғанындай, сигареттерге қарағанда зияны әлдеқайда аз.
Әлемнің түтінсіз өнімдерді толыққанды қабылдауына әлі ерте болғанымен, жаңа технологиялық зерттеулер ұзақ тесерулерден өтуі тиіс. Әрі олар арзанға түспейді. Сондықтан да шылым шегушілер өз денсаулығы жайында ойлануы тиіс.
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ