• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қаңтар, 2019

2018 жылғы желтоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 440 теңгені құрады

770 рет
көрсетілді

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы желтоқсанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,3%-ға жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады. 

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,3%, жемістер мен көкөністерді – 8,3%, нан және жарма өнімдерін – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,3%-ды құрады. 

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін истика заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.