• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2019

2018 жылы Қазақстан Республикасында инфляция 5,3%-ды құрады

564 рет
көрсетілді

Өткен жыл үшін баға азық-түлік тауарларына – 5,1%, азық-түлік емес тауарларына – 6,4%, ақылы қызметтерге 4,5%-ға жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

Ағымдағы жылдың басынан (2018ж. желтоқсан 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі қырыққабатқа – 31%, қантқа – 20,9%, мәйекті ірімшікке – 11,9%, құс етіне – 10,4%, консервіленген сүтке – 10,3%, сары майға – 10,1%, жылқы етіне – 9,6%, жаңа сауылған сүтке – 7,8%, күнбағыс майына – 7,4%, шұжық өнімдеріне – 7,2%, қышқыл сүт өнімдеріне – 7%, ет өнімдеріне – 6,9%-ға, шошқа етіне, сиыр етіне – 6,7%-дан, кондитерлік өнімдерге 6,6%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі картопқа – 26,7%, қарақұмық жармасына – 21,6%, басты пиязға – 18,4%, сәбізге 16,3%-ға тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге – 8,5%, құрылыс материалдарына – 8,1%-ға, фармацевтикалық өнімдерге, киім және аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға – 7,8%-дан, тоқыма бұйымдарына – 7,7%, жеке қолданатын тауарларға – 6,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 6,6%, кеңсе тауарларына – 5,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 5,4%-ды құрады. Дизель отыны – 29,6%, баллондағы сұйытылған газ 6%-ға қымбаттады, ал бензин 2,8%-ға арзандады.

Баға деңгейі кабельдік телевизия қызметтеріне – 12,1%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 7,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 6,1%-ға, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 6%-дан, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 5,8%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне 5,7%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 16,4%, темір жол көлігімен – 12,2%, қалааралық автобус – 7,9%, ішкі қалалық автобуспен 4,9%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге – 3,1%, суық суға – 3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 2,7%-ға, орталықтан жылытуға, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,6%-дан, ыстық суға – 2,2%, электр энергиясына 1,1%-ға өсті.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2018 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі 37,8%, азық–түлік емес тауарлар – 30,1%, ақылы қызметтер – 32,1%–ды құрады.