• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2019

Түркістаннан Шымкентке 609 теңге төлеп баруға болады

531 рет
көрсетілді

«Түркістан -Шымкент» бағыты бойынша жүрдек пойыз қатынай бастады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, әкімшілік орталығы Түркістан қаласы болған Түркістан облысы құрылды.

«Түркістан -Шымкент» бағытындағы жүрдек пойыз аптасына екі рет - дүйсенбі және жұма күндері жүреді.  Жолдағы уақыты - 2 сағат 15 минут. Пойыздағы жалпы орын саны - 175. Вагондар заманауи жылыту және салқындату жүйелерімен жабдықталған. Сондай-ақ арбадағы мүгедектерге арналған көтергіш құрылғылар мен арнайы орындар бар. Жолақысы 609 теңгені құрайды.

Сондай-ақ атап өтілгендей, биылдын бастап  «Қаламаңы тасымалы» АҚ аптасына 5 рет қатынайтын әлеуметтік маңызы бар «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» бағыттарын іске қосты.

«Түркістан-Бадам» пойызының жолдағы уақыты  3 сағатты құрайды және компания бұл бағытты Шымкент қаласына дейін ұзартуды жоспарлауда.

«Түркістан-Сарыағаш» бағыты жаңа әкімшілік орталықты облыстың оңтүстік аудандарымен байланыстырады. Жолдағы уақыт - 5 сағат 20 минут.

Бұдан бөлек, «Алматы-Түркістан» пойызы қатынай бастады. «Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына барша қолайлы жағдай жасап, жаңа бағыттар санын жыл сайын ұлғайтуды көздейді», - делінген баспасөз хабарламасында.