• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2019

Аялдама есігін сындырған жігіт астаналықтардан кешірім сұрады

316 рет
көрсетілді

Елорданың полицей қызметкерлері жылы аялдаманың есігін сындырған бұзақыны тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылы аялдаманың есігін қиратқан 22 жасар Түркістан облысының азаматы болып шықты. Ұсталған азамат бұзақылықты ашумен істегенін мойындап, халықтан кешірім сұрады. 

«2 қаңтар күні жылы аялдамаға қызым екеуміз жылынуға кіргенбіз. Содан арамызда келіспеушілік болып, қызуқандылыққа бой алдырдым. Сол жерде есікті теуіп сындырып жібердім. Мен Астана халқынан кешірім сұраймын. Келтірілген зардаптардың бәрін қалпына келтіремін», - деді ұсталған азамат.