• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қаңтар, 2019

Қостанайда 2800 кәсіпкер салық амнистиясына жатқызылды

412 рет
көрсетілді

 

Қаңтардың 1-нен бастап, Қазақстанда салық амнистиясы жүзеге аса бастады. Жалпы республика бойынша шағын және орта бизнестің 90 077 нысаны амнистицияға ілінді, соның ішінде 31 210 нысан заңды тұлға, 58867 жеке кәіпкерлер болып табылады. Ал Қостанай облысы бойынша қарызы 3,6 миллиард теңгені құрайтын 2800 кәсіпкерге жеңілдік жасалатын болды.

«Жоба 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтейтін болса ғана шағын және орта бизнестегі айыппұлы мен өсімпұлын жоюды қарайды. Сонымен қатар2018 жылдың –қазанындағы қарызын өтегенге дейінгі салынған өсімпұл алынып тасталады» - дейді облыстағы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жібек Сейітова. Сарапшы кәсіпкерлерді мемлекеттің осы жеңілдігін пайдалануға шақырды.

Жібек Сейітованың айтуынша, ірі салық төлеушілер, жер қойнауының байлығын пайдаланушылар (су мен емдік балшықтан басқасын), сондай-ақ акцизді өнім өндірушілер амнистияға жатпайды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай