• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2019

Түркия қазақстандықтар үшін 200-ге жуық оқу грантын бөледі

907 рет
көрсетілді

Түркияда оқуға 2019-2020 оқу жылына өтініштер қабылдау уақыты басталды. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» өзінің ресми сайтында хабарлады.

Түркияның мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алу тегін, тек жыл сайынғы студенттік төлемдері бар. Таңдалған факультеттер мен университеттерге байланысты төлем соммасы жылына 300-ден 800-ге дейін долларды құрайды.

Жыл сайын Түркия Үкіметі «Түркия стипендиясы/Turkey Scholarships» бағдарламасы бойынша түрік университеттерінде білім алуға Қазақстан азаматтарына 200-ге жуық грант бөледі.