• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қаңтар, 2019

Павлодарда шахмат жарысы басталды

921 рет
көрсетілді

Облыс  орталығындағы  Оқушылар сарайында жасөспірімдер арасындағы  ел чемпионатының ашылуы өтті.

5-16 қаңтар аралығында өтетін жасөспірімдер мен қыздар арасындағы чемпионатқа еліміздің әр өңірінен келген шахматшылар қатысады.

Жарысты ұйымдастырушылардың бірі  Дастан Қапаевтың айтуынша, шахмат жарысына келген  жасөспірімдер арасында спорт шеберлері, Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері де бар.

Шахмат жарысы Халықаралық Шахмат Федерациясының ережесіне сай өткізіледі.

Сонымен бірге, барлық жастағы топтардың бірінші тақта ойындары интернет арқылы онлайн түрде жарияланады.

Жалпы, өткен жылдың қараша айында Шахматтан жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық «Павлодар Open» турнирі  болып өтті.

Халықаралық жарысқа ТМД елдерінің шахматшылары келіп қатысты.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР