• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қаңтар, 2019

Хоккейден әлем чемпионатында қазақстандық Артур Гатиятов үздік шабуылшылар тізіміне енді

312 рет
көрсетілді

Хоккейден Канадада аяқталған әлем чемпионатында қазақстандық Артур Гатиятов үздік шабуылшылар тізіміне енді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Гатиятов чемпионат барысында бес шайба соғып, үш нәтижелі соққымен көзге түскен. Әсіресе, Артурдың Дания қақпасына екі гол соғуы жанкүйер есінде қалған болатын. 

Мергендер көшін 9 ұпай (4+5) жинаған ресейлік Григорий Денисенко бастап тұр. Екінші сатыда финляндиялық Алекси Хепониеми.

Еске сала кетейік, хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының жоғарғы дивизионындағы орнын сақтап қалды.