• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2019

Музыкалық туризмді дамыту - өзекті мәселе

620 рет
көрсетілді

Музыкалық туризмді дәл қазір Қазақстанда дамыту – өзекті мәселе. Өр­ке­ниетті елдерде туризмнің бұл түрі бүгінде де алтын кілті табыл­ған табысты салаға айналып отыр. 

­­Иә, өркениетті елдерде, Еуропада музы­калық туризм мемлекет бюджетіне қыруар қаржы әкеледі. Ал бізде ше? Еліміздің барлық қалаларында дер­лік музыкалық драма театрлары бар.­ Ол жерде тамаша әншілер мен актер­лер ойнайды. Өнер ұжымдары жаз маусымында Астана мен Алматы жұртшылығына, қонақтарына, жалпы көрермендерге сәнге ай­нал­ған жанр – бір-бір мюзиклден дайындап, сахналық қойылымдарын көрсетіп отырса, театр ұжымы да ақ­ша табатын еді, бюджетке де қаржы тү­сетін еді. 

Кешегі Біржан сал, Ақан сері, Се­гіз сері, Нияз сері, Үкілі Ыбырай, Сү­гір, Кенен, Мәди, Майлықожа, Абыл, Ақтан, Нұрым, Қашаған, Арал­бай,­ Бәйтен сал, Сәттіғұл, Түмен, ­Ыбрайым ахун, Ұзақбай және т.б. тізе берсе көп, олардың өнерді мұрат тұт­қан сал-серілік өмірлері мен рухани қазыналары – опера жанры мен мюзиклге дайын тақырып.

Бүгінде театрдың коммерциялық жанры болып табылатын бұл мюзикл­ді өзімізде жүрексінбей қолға алып дамытсақ, асқақтаған ән де, диалог та, мың бұралған би де, домбыра­дан төгілген күй де, әуелеген саз  да, ұлт­тық костюмдеріміз де сахнаны сән-салтанатты өнер думанына ай­налдырып жіберетіні сөзсіз. Бұл – Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасына нақты жауап беретін хал­қымыздың мәдени өресін, өнер тұл­ғаларын танытатын, ұлттық өне­рімізді насихаттайтын жаңаша жаң­ғырулардың бір саласы болар еді. 

Иә, ата-бабалар ұрпағына мұ­ра етіп қалдырған рухани құнды­лықта­рымыздың асыл өнерін заманауи жаңаша әдіспен тірілтетін кез келді. Коммерциялық театрлар санын кө­бейтіп, оларға мемлекет тара­пы­нан қолдау көрсету керек. Хал­қы­мыздың ең басты ұлттық музыка ас­пабы – қасиетті Домбыра күнін жы­лына бір рет тойлау аз. Әр айдың соң­ғы күні домбыра күні болып аталып өтсе, қос ішектен ағыл-тегіл шалқып төгілген қазақтың киелі күй өнерінен туристердің ғажап әсер алуына рухани ықпал ететіні сөзсіз.  

Бүгінгі барлығы цифрландыруға айналып бара жатқан сиқырлы ғасырда сазды музыкалық туризмді дамытуды байыппен қолға алса, материалдық та, рухани да азыққа айналатын өнер өнімі шығармашылық туынды ре­тінде бағаланып, әртістердің де әмия­нына ақша, қазынамызға қосым­ша қар­жылық кіріс әкелетіні сөзсіз.

Саябек ЗИЯДИН, экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры 

Алматы