Ақорданың баспасөз қызметі Елбасының дәрілік қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойғанын хабарлады.
Мемлекет басшысы бүгін халықты дәрілік қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.