• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қаңтар, 2019

Маңғыстауда әскери қызметшілер жекпе-жек түрлерімен белсене айналысады

404 рет
көрсетілді

Әскери қызметшілердің ептілігі мен функционалдық даярлығын арттыру мақсатында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде түйісетін спорт түрлеріне даярлық жаңа деңгейге шығуда.

2019 жылдан бастап 41433 әскери бөлімі өзінің әскери қызметшілерімен түйісетін спорт түрлерімен белсене айналысуды бастап кетті. Ол үшін әскери бөлімде әскери қоян-қолтық күрестен бөлім командирінің Кубогіне арналған сайыс өткізіліп, нұсқаушы болып тағайындалған мықты спортшылар іріктеліп алынды.

 - Іріктелген үздік спортшы жауынгерлер дене даярлығы сағаттарында барлық санаттағы әскери қызметшілермен, рота командирінен бастап қатардағы сарбаздарға дейін жекпе-жек түрлерімен айналысатын болады. Бұл бастау спорт секцияларындағы сабақтарға сай болып саналады, дейді әскери бөлімнің спорт және дене даярлығы қызметінің бастығы капитан Ернат Ахтаев.

Әскердегі жекпе-жек түрлерімен айналысу, әскери қызметшілердің психологиялық даярлығына, қорқыныш сезімін басуға және өзіне деген сенімділікті арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қоса, қоян-қолтық күресі әскери қызметшілердің әскери қақтығыс кездерінде қарсыласын оқшаулауға және жоюға қажет машықтарды дамытады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы