• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қаңтар, 2019

«Е-ПИК»: Жаңа порталдың пайдасы көп

291 рет
көрсетілді

Коммуналдық қызметке қатысты ақпараттар, тұрғын үйді жөндеу, аумақты тазарту, жарықтандыру жұмыстарына жиналған қаражаттың қайда, қалай жұмсалғаны туралы атыраулықтар енді интернеттен біле алады. Қалада «Е-ПИК» порталы іске қосылды.

Пилоттық жоба пәтер иелері кооперативтерінің де жұмыстарын жеңілдетеді. Бұрынғыдай белгілі бір шешімді қабылдау үшін жұртты жинап жиналыс өткізіп немесе әр пәтерді аралап, жөндеу жұмыстарының басталатын уақытын айтып уақыт шығындамайды. Ақпарат алмасудың бірыңғай платформасы арқылы бәрін интернеттің көмегімен жүзеге асыруға болады.  

Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс орталығындағы 71 ПИК және басқарушы компаниялар «Атырау-ашық қала» порталы арқылы «Е-ПИК» бағдарламасымен жұмыс істейді.

-Бұл жоба тұрғындар мен ПИК, басқарушы компаниялар, коммуналдық қызметтер мен билік органдары арасындағы байланысты нығайтады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында бірыңғай байланыс жүйесі жасалды, - дейді ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді бақылау бөлімінің басшысы Самат Емберген. – Портал көмегімен Атырау қаласының әр тұрғыны жеке шот ашып, пайдаланушыға тиесілі үй туралы, коммуналдық қызметтер туралы толық ақпарат алады.

Қазірдің өзінде «Е-ПИК» бағдарламасы бойынша тұрғындардан 34 өтінім түсіп, бәрі де өңделген. Порталда жоспарланған жұмыстармен танысып, тұрғындардың пікір білдірулері үшін де мүмкіндік қарастырылған.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ