• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2019

Ақтөбелік дәрігерлер Гиннестің рекордтар кітабына енді

461 рет
көрсетілді

Бір сағат ішінде ақхалаттылар 4270 адамның артериялық қан қысымын өлшеген. Бұған дейінгі рекорд үндістандық дәрігерлерге тиесілі болатын. Ол 2015 жылы 3600 адамға қызмет көрсетіпті. 500-ден астам ақтөбелік дәрігер шараға келген 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтардың қан қысымын өлшеп қана қоймай, тиісті кеңестер де берген. Бұл туралы еліміздің БАҚ өкілдері жарыса жазды.

Ақтөбе қаласының тұрғындары 5 шілде күні Денсаулық саябағына жиналып, қан қысымын өлшетті. Алаңда 500 дәрігер отырып, әрбір ақтөбеліктің қан қысын өлшеп, оларға қажетті кеңес берді. Әр дәрігер бір адамға 3-4 минут уақытын ғана бөлді. Алаңда кезек болып, алдымен адамдардың жеке куәлігі тіркелді. Кейін олар қан қысымын өлшетіп, арнайы нөмір алды.

Барлығы 80 бақылаушы жұмыс істеп, дәрігерлердің іс-әрекетін бейнекамераға түсірді. 

«Ақтөбе облысының дәрігерлері үшін бүгін ерекше күн. Гиннестің рекордын жаңартқаны туралы ақпарат ресми расталды. 5 шілде күні бір сағат ішінде 4270 адамның қан қысымы өлшенді. Әлемдік рекорд орнату үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы сұраныс берді. Акция Денсаулық саябағында өтті. Осы арқылы біз қан қысымы дертіне назар аудартуды қаладық. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы сол уақытта қызмет еткен дәрігерлерге алғыс білдіреді»,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.