Биыл Маңғыстау облысының шалғайында жатқан Қарақия ауданы 100 процент кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіледі.
Қазір жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, Құрық елді мекеніне интернет жүйесі тартылып жатыр. Алдағы жазға дейін қазақ-түркімен шекарасындағы Болашақ станциясына, Сенек, Құланды ауылдарына да кең жолақты ғаламтор жетеді. Мектеп пен ауруханаларды цифрландыру ісі де сәтті жүзеге асуда. Бүлдіршіндерді балабақша кезегіне қою электронды қызмет арқылы жүргізілуде. Аудандағы 17 мектептің барлығы электронды күнделікті қолданып жатыр.
- Денсаулық саласы бойынша да қазір цифрландыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. 100 % денсаулық паспорттары электрондық бағдарламаға көшті. Сонымен қатар «Даму мед» әлеуметтік желісі арқылы да дәрігерге қаралудың бағытын осы қызмет арқылы жүзеге асырып жатырмыз. Ауданда 20 қызмет электронды түрде көрсетіледі. Бұл бағытта 7 ауыл мен 8 бөлімшеде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, дейді Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы