• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қаңтар, 2019

Алты қазақстандық FIDE-ге мүше болды

554 рет
көрсетілді

Халықаралық шахмат федерациясы президенті кеңесінің шешімі бойынша алты қазақстандық FIDE-нің ресми комиссия мүшесі атанды. Комис­сия мүшелерін FIDE әр төрт жыл сайын бекітіп, әр елдегі шахматтың таны­малдығына, даму қарқынына қарап таң­дайды.

Еліміздің атынан Жандос Әбішев Халықаралық шахмат федерациясының іс-шаралар бойынша, Ирина Грищенко әлеуметтік мәселелер жөнінде, Евгений Владимиров білім беру саласының комиссия­сының мүшесі атанды. Сондай-ақ Дәрмен Сәдуақасов жаһандық стратегиялық комиссия мүшелігіне, Динара Сәдуақасова ережелер және Гүлмира Дәулетова жеребе бо­йынша комиссияның өкілі болып сайланды.

Алдағы төрт жылдықтың комиссия мү­шелігіне әлемнің 130 елінен 224 өкіл сайланды. Қазақстан ең көп өкіл қосқан ел ретінде Ресей мен АҚШ-тан кейін үшінші орында тұр. Бұған дейін FIDE-ге бірде-бір қазақстандық өкіл сайланбаған болатын.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»