• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қаңтар, 2019

Қарақияда құрылыс қарқынды жүріп жатыр

522 рет
көрсетілді

Аудан бойынша былтырғы жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі жоспар бойынша 52 569,0 млн теңге, нәтиже 56 048,8 млн теңге (2017 жылы 43 833,4 млн. теңге). Өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 127,9% өскен. Былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 3,5 есеге көбейді. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 3,5 есе артып отыр.  Бұл облыстық көрсеткіштің 40 пайызын құрап отыр.

Пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы ауданы  39,7 мың шм. (2017 жылы 38,6 мың шм). Тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу. Көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары бойынша Құрық ауылындағы үш көппәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары толық жүргізілді.

«Ерсай» және «Найза Құрылыс» компанияларының демеушілігімен Құрық ауылындағы 20 үйдің сыртқы фасадтары жөнделді, 10 үйдің төбесіне маңдайша қойылды. Жетібай ауылындағы құлау қаупі бар үйдегі тұрғындарды көшіру мақсатында,  Жетібай ауылына 2-қабатты 48 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысының ЖСҚ жасақталып, жоба құны 1 млрд 187,6 млн теңгеге қаржыландыруға ұсынылды. Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын ұй кезегінде – 943 азамат есепке алынған. Сондай-ақ, Құрық ауылында көп қабатты 120 пәтерлік арендалық 5 тұрғын үйлер салынуда. Ал, Болашақ ауылында екі пәтерлік 5 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жалпы құрылыс саласында «НКОК» компаниясының қаржыландыруымен Сенек ауылында жобалық құны 196,0 млн құрайтын, ауласында екі 40х20 футбол алаңдары бар спорт залының құрылысы басталды. Ғимарат көлемі 633 шаршы метр. Тапсырыс беруші МҚИ, мердігер мекеме «Шабыт» ЖШС, құрылыстың аяқталу мерзімі 2019 жылдың тамыз айы.

«Оңдасын Строй» ЖШС қолдауымен Құрық ауылында құны 40,0 млн теңге құрайтын типтік жобадағы спорт зал құрылысы, Жетібай, Мұнайшы және Құрық ауылдарында «Самұрық қазына траст» қоры мен жер қойнауын пайдаланушы мекемелерінің демеушілігімен («Ерсай» ЖШС, «БиДжиПи» ЖШС, «Бектұрлы Оперейтинг» ЖШС) 3 воркаут, 3 балалардың ойын алаңы салынып, халық игілігіне берілді. Сонымен қатар Жетібай ауылы кітапханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (құны 20 млн тг).

Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған су құбырларын халыққа жеткізу көрсеткіші  90% жетті (2017 ж. – 84%, жалпы ұзындығы 348 шақырым). Өткен жылмен салыстырғанда 6% өскен.

Биыл 100,0 млн теңге қаражат бөлініп, Жетібай ауылындағы «Ұлутас» (35 үй), «Қалмамбет» (48 үй), «Жаңғабылұлы» (112 үй) шағын аудандарына 195 тұрғын үйлеріне су құбыры тартылып жатыр.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы