• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Теннис 10 Қаңтар, 2019

Юлия Путинцева әлемнің бесінші ракеткасынан басым түсті

228 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Сиднейдегі турнирде әлемнің бесінші ракеткасынан басым түсті. Бұл туралы  Olympic.kz жазды.

Турнирдің 1/8 финалында Юлия америкалық Слоан Стивенске қарсы ойнаған болатын. Аса тартысты өткен матчтың алғашқы сетінде Путинцева 3:6 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Ал екінші және үшінші сет қазақстандық спортшының басымдығымен аяқталды. 

Сиднейдегі турнирдің 1/4 финалында Юлия Путинцева голландиялық Кики Бертенспен кездеседі.