• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2019

Атбасарда құс фабрикасы салынады

533 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылы ауданда жаңа құс фабрикасы салынады. Қазіргі күні фабрика салынатын жер телімі анықталып, жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда.

Нысанды көктемге қарай Атбасар қаласы шетіндегі диірмен кешендерінің жанында салады. Алғашында 50 мың тауық болса, кейін оның саны 100 мыңға дейін жеткізілмек. Жоспар жүзеге асқан кезде облыстың батыс беткейінде орналасқан аудандар жергілікті құс етімен қамтамасыз етіледі. Әзірге бұл аудандардың сөрелерінде шетелден жеткізілген, сапасы күмәнді, бағасы қымбат  құс еті сіресіп тұр. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін импорттық азық-түліктерді ығыстырады деген үміт бар. Сонымен қатар, кәсіпорынның іске қосылу жергілікті 30 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермек.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Атбасар ауданы,

Ақмола облысы.