• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қаңтар, 2019

Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Президентке есеп берді

373 рет
көрсетілді

Бүгін Асқар Шәкіров Мемлекет басшысына есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Мемлекет басшысына 2018 жылы атқарған жұмысы жөніндегі есебін ұсынды.

Аталған құжат қаралған азаматтардың арыз-шағымдарын, мониторингтік қызмет нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылын негізінде жасалған Қазақстандағы адам құқықтары жағдайының талдауы болып табылады.

Есеп ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің нәтижелері, өзекті құқық қорғау мәселелері, сондай-ақ оларды қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Мемлекет басшысының қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қажетті тапсырмалар берілді.