• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2019

Атырауда жер кезегін интернеттен білуге болады

36592 рет
көрсетілді

Атыраудағы Балықшы ауылдық округінің 229 тұрғыны 2008 жылы жер телімін алу кезегіне тұрған. Бірақ әкімдікте болған өрттің салдарынан барлық құжаттар жойылып кетті. Бұл жағдай тұрғындардың алаңдаушылығын тудырған еді.

Облыс орталығы мен оның маңындағы елді мекендердің тұрғындарының жер кезегіне тіркелгені электронды журналда сақталып қалыпты, соның арқасында барлық жойылған тізімдер қалпына келтірілді. Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, өткен жылдың соңында осы мәселеге байланысты арнайы комиссия құрылған.

- Комиссия отырысында Балықшы ауылдық округінің 229 тұрғынының конституциялық құқығын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Жер кезегіне тіркелгендер www.atyrau.gov.kz сайтындағы арнайы бөлімге кіріп, ЖСН енгізу арқылы кезектерін анықтай алады,-дейді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Наурызбек Құмаров.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Атырау қаласының және оның маңындағы ауылдардың 86 мың тұрғыны жер телімін алу кезегін интернет арқылы білулеріне болады. Өткен жылы Атырау қаласы әкімдігі 2003-2004 жылдары өтінім тапсырған 480 адамға жер телімін берді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 241 өтінім түскен. Наурызбек Құмаров жер телімі қатаң тәртіппен берілетінін айтады.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

Атырау облысы