Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі бойынша келіссөздер процесінің басталғанын мәлімдеді.
Сауль «Канело» Альварестің жағы айқасты Лас-Вегаста «Синко де майо» мекересінде демалыс күні өткізуді жоспарлап отыр. Бұдан бұрын олар «Канелоның» рингке 4 мамырда оралатынын жариялаған еді.
«Кеше Головкиннің адамдарымен алдын ала келіссөздер өткіздік. Біз «Синко де майо» мерекесінде үшінші жекпе-жек өткізуді ұсынып отырмыз. Бұл Лас-Вегаста бокс үшін маңызды күн. Сондықтан, біз келіссөздерді бастаймыз. «Канело» кез келген боксшымен айқасуға дайын. Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі - жақсы мүмкіндік. Келіссөздер басталды, нәтижесі қандай боларын көреміз», деді Де ла Хойя ESPN Houston радиосына берген сұхбатында.