• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Бокс 12 Қаңтар, 2019

Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та мексикалықты нокаутқа түсірді

531 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агинагамен сегіз раундқа созылған кездесу өткізді. Қазақстандық боксшы оны екінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша Нұрсұлтан кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне жетіп отыр.

Сондай-ақ бокс кеші аясында тағы бес жекпе-жек өтті. Кештің ең басты оқиғасы қазақстандық Мадияр Әшкеев пен пуэрторикалық Луис Эрнандестің кездесуі болды. Олардың жекпе-жегі он раундқа созылып, нәтижесінде әділ-қазылардың шешімімен Әшкеев жеңіске жетті.

Айта кетейік, Әшкеев пен Нұрсұлтановтың мүдделерін америкалық Main Events промоутерлік компаниясы мен менеджер Эгис Климас қорғайды.