Канаданың Калгари қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева бірінші болды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі.
Финалда жерлесіміз 79,10 ұпаймен бірінші орын иеленді. Екінші орында франциялық Перрин Лаффон. Ол 77,96 ұпай жинады. Үздік үштікті америкалық Джейлин Кауф қорытындылады.