Риддер қаласы аумағындағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері қорықтағы қыс кезіндегі табиғат көріністерін жұртшылық назарына ұсынды.
Қорық қызметкері Александр Антоненко мұндағы жылдың ең әсем шағы – қыс мезгілі екенін айтады. «Қазір Батыс Алтай қорығы тұтастай қар астында жатыр деуге болады. Қысқы пейзажды сөзбен суреттеу қиын. Таңертең орманға күн шапағы түскендегі кез өзгеше, күн батар алдындағы шақтағы сурет тіпті бөлек. Ал түк көрінбейтін түнде орман үрейге толы. Мұндай сәттер орманда төрт ай бойы сақталады. Көктем келгенше. Бірақ қорықтың қысқы көрінісін екінің бірі тамашалай алмайды. Өйткені, жол жоқ. Тек біздің инспекторларымыз ғана бара алады. Сондықтан өзіміз қорықтың қысқы пейзажын фотоға түсіруді жөн көрдік», - дейді ол.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Риддер қаласы