• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қаңтар, 2019

Түркиялық профессор «Оян, қазақтың» Түркі әлеміндегі маңызын айтып берді

1396 рет
көрсетілді

Анкара Хаджы Байрам Уәли университеті Түркият зерттеу орталығының директоры, профессор Хулия Касапоғлы Ченгел: түркі халықтарының азаттық күресінде "Оян!" мотиві туралы білдірген пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Видеоны Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Facebook парақшасында бөлісті. Шағын видеода Анкара Хаджы Байрам Уәли университеті Түркият зерттеу орталығының директоры Хулия Касапоғлы Ченгел түркі халықтарының азаттық күресінде «Оян» мотивінің авторы - Міржақып Дулатұлы екенін айтады. 

«Түркістандағы алғашқы тәуелсіз мемлекет 1917 жылы Қазақстанда құрылды. Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан тарапынан және оның жанындағы оң қолы секілді Міржақып Дулатұлы деген болды. Оның «Оян» деген бір кітабы бар. Түркі дүниесінде «Оян» мотиві өте маңызды», - деді ол.

Профессордың сөзіне сүйенсек, түркі әлемінде «Оян» сөзін тиімді пайдаланған бірнеше ақын бар. Профессор Түркі дүниесінің зиялылары бірін-бірі оқығанын жеткізді.

«Түркия түрікшесімен Акиф жазған «Уян» өлеңін Міржақып «Оян» дейді. Ұйғыр тілінде де «Ойған» деген өлең шығады. Міржақып, «Оян, қазақ» өлеңін 1909 жылы жазады. Демек, меніңше, «Оян» мотивті өлеңдердің қайнар көзі - Міржақып Дулатұлы» деді Ченгел ханым.

Х.Ченгелдің пайымдауынша, Шығыс Түркістанда «Оян» мотивін Абдулхалық Ұйғыр іліп әкетіп, ұлтқа осы мотив арқылы үндеу тастаған.

«Қазақстанның тәуелсіздігіне жетуі үшін, халықты ағарту үшін Жәдидизмнің жалғасы - Алаш қозғалысы. Халықты ағарту үшін бір қозғалыс және күресіп жатыр» деді профессор.