• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2019

«Егеменнің» тілшісі - Журналистер одағы филиалының төрағасы

872 рет
көрсетілді

Түркістан облысында тұңғыш құрылып отырған Қазақстан Журналистер одағының филиалына «Егеменнің» тілшісі Ғалымжан Елшібай төраға болып сайланды.

Ғалымжан Елшібай 1975 жылы Төлеби ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Ғалымжан Қамытбекұлы 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын Төлеби аудандық газетінде корректорлықтан бастады. Кейіннен ұзақ жылдар бойы «Жас Алаш» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Бүгінде «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі.

Ғалымжан Елшібай өз ортасында ұйымдастырушылық қабілетімен, көшбасшылық қасиетімен көзге түскен азамат. Ол түстікте меншікті тілшілер клубын құруға ұйытқы болып, жетекшілікті өз қолына алды. Сонымен қатар, кәсіби журналистердің басын біріктірген «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

«Егемен Қазақстан» газеті әріптесіміз Ғалымжан Қамытбекұлына абыройлы қызметте табыс тілейді!