Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыста қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, палатаға құқықтық салаға қатысты Қазақстан мен Иордания арасындағы бірқатар келісімдерді қамтитын ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды.
Осылардың қатарында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек, адамдарды ұстап беру, сондай-ақ сотталғандарды беру туралы құжаттар бар.
Аталған келісімнің мақсаттарын іске асыру жөніндегі Қазақстандағы орталық мемлекеттік орган Бас прокуратура болып табылады.