• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қаңтар, 2019

Үстел теннисінен ұлттық құрамаға іріктеу турнирі аяқталды

256 рет
көрсетілді

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу турнирі өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Іріктеу турнирі екі күнге созылды. Әйелдер арасындағы бәсекеде жанкүйерлер мен бапкерлер қауымын 13 жасар шымкенттік спортшы Сарвинов Мірқадырова таңғалдырды. Ол финалға дейін сүрінбей, ақтық сында тәжірибелі Гүлчехра Хусейноваға жол берді. Үшінші орында - астаналық Анастасия Лаврова. 

Ерлер арасында Денис Жолдуевке (Өскемен) тең келер ешкім болған жоқ. Екінші сатыда - қарағандылық Эрик Райтер, үшінші орында - оралдық Айдос Кенжеғұлов.