• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қаңтар, 2019

2018 жылдың 11 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 20,5 пайызға өскен

457 рет
көрсетілді

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көлемі 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,5 %-ға артып, 84 млрд 344,6 млн долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Есепті кезеңде экспорт көлемі 54 млрд 673,5 млн долларды (өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғандағы өсім - 26,4%), импорт көлемі 29 млрд 671,7 млн долларды (+11,1%) құрады.