• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2019

Зарина Дияс Australian Open турнирінің алғашқы кезеңінде сүрінді

282 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс «Үлкен Дулыға» санатына жататын Australian Open турнирінде жеңіліс тапты деп жазады Olympic.kz. 

Алғашқы айналымда ол сербиялық Александра Круничпен кездескен болатын. Алғашқы сетте Зарина 6:3 есебімен жеңіске жетсе де, ойын соңына дейін бұл басымдықты ұстап тұра алған жоқ. 

Екінші партияда 5:7, үшінші кезеңде 1:6 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Енді Зарина Дияс жұптық сынға ауысады. Ол Юлия Путинцевамен бір ту астында кортқа шықпақ.