• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қаңтар, 2019

Маңғыстауда «Ағаш кесу және орман билетін беру» қызметі биыл электронды форматқа көшеді

1374 рет
көрсетілді

Бұдан басқа басқармада хат алмасу 100% электронды түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Геопортал арқылы цифрландыру бағытында басқарманың ресми сайтын экологиялық ақпараттандыру бойынша кеңейтуді жасақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда: қорықтар, табиғи парктер, қаумалдар атаулары, балық шаруашылығы, аңшылық алқаптар, орман шаруашылығы, бірегей табиғи нысаналар атауы басқарманың ресми сайтына енгізіліп, халыққа қолжетімді болады.

Маңғыстау облысы бойынша Кірістер департаменті берген ақпаратқа сәйкес, 2018 жыл бойынша қоршаған ортаға эмиссиялардан жергілікті бюджетке түскен қаражат көлемі 1 759 445 000,0 теңгені құрап отыр.

2018 жыл бойынша «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі бойынша 46 өтінім түсіп, 46 билет берілді, ал «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» бойынша жеке және заңды тұлғалардан 370 өтінім түсіп, 280 өтінімге рұқсат беріліп, 68 өтінімді табиғат пайдаланушылар кері қайтарып алған және 22 өтінім кері қайтарылған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы