• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Қаңтар, 2019

Әзербайжан мен Армения СІМ халықты бейбітшілікке бастауға келісті

592 рет
көрсетілді

Әзербайжан мен Армения СІМ Париждегі кездесуі халықты бейбітшілікке дайындау үшін нақты іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бітіммен ақталды. Бұл туралы Trend ақпараттық агенттігі хабарлады.

ЕҚҰЫ өкілдері Игорь Попов (Ресей), Стефан Висконти (Франция), Эндрю Схофер (АҚШ) Әзербайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров пен Армения СІМ міндетін атқарушы Зохраб Мнацаканянмен Парижде кеңес өткізген болатын. Өкілдер алдымен жеке кездесіп, кейін министрлермен  жиналыс өткізді. Кездесуге ЕҚҰЫ төрағасының өкілі Анджей Каспршик қатысты. Бұл осымен Әзербайжан мен Армения сыртқы саясат ведомстволарының төртінші кездесуі.

Өкілдердің хабарлауынша, министрлер таулы-қарабақ шиеленісіне қатысты бірқатар сұрақты талқылаған. Елисей сарайында өткен кездесуде екі халықты бейбітшілікке бастауға келісім жасалды. Одан бөлек келісімнің бүгінгі сатысының алғышарттары мен параметрлері, келіссөздердің үдей түсуіне сеп болатын екі ел лидерлерінің осы мәселеге қатысты саммитінің болжамы туралы айтылған.

ЕҚҰЫ өкілдері екі ел басшыларымен жақын арада кездесетін жоспарларын хабарлады.