• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Парламент 17 Қаңтар, 2019

Сенат отырысында Қазақстан-Тәжікстан арасындағы көші-қон мәселесі қаралды

381 рет
көрсетілді

Бүгін Парламент Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды.

«Бұл келісімге 2018 жылы наурызда Астана қаласында қол қойылды. Келісімді ратификациялау жағдайында көші-қон ағымдарын реттеу мен азаматтық мәселелерді шешу үшін қолайлы жағдай жасалады. Құжат бірқатар бағыт бойынша ақпарат алмасуды көздейді. Осы орайда, статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпарат, тараптағы мемлекеттер аумақтарындағы елдер азаматтары туралы мәліметтер ескеріледі. 2018 жылғы шілдеде келісім Тәжікстан Парламентімен ратификацияланған» деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Екі ел арасындағы аталған келісім көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастық үшін құқықтық негіз құруға бағытталған. Келісім екі елдің көші-қон заңнамасы туралы, оның ішінде көші-қон процестерін реттеуді, пана және азаматтық беру тәртібі туралы мәліметтермен алмасуды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауды, заңсыз көші-қонға қарсы күресуді анықтайды. 

Осы келісімнің шеңберінде тараптар ұлттық заңнамаларға және халықаралық шарттарға сәйкес екі ел аумағында еңбек ресурстарын тарту саласында мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілері арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі. 

Соңғы жаңалықтар