Венгрия астанасы Будапештте өткен үстел теннисінен Әлемдік Турда Қазақстан құрамасының үздігі Кирилл Герасименко сынға түсті. Бұл туралы Olympic.kz. хабарлады.
Іріктеу кезеңіндегі үш матчта Кирилл венгриялық Андрашты Цабуды 4:0, қытайлық Сю Инбинді 4:0, испаниялық Альваро Роблесті 4:1 есебімен жеңді.
1/16 финалда біздің жерлесімізді басқа емес, әлемнің бірінші ракеткасы, төрт дүркін әлем чемпионы, әлем кубогінің төрт мәрте иегері Фан Жендонг (Қытай) күтіп тұрған болатын. Тартысты өткен кездесуде Герасименко 2:4 есебімен қарсыласқа жол берді.
«Кирилл бұл турнирде өте жақсы ойын көрсетті. Оның деңгейі өсіп келеді. Австриядағы Про Турда оған аздаған сәттілік жетіспеген еді. Содан бері Кирилл өз ойын өрнегін жақсартып, бұрын өзі үшін қиынға соғатын қарсыластарын оңай әрі сенімді түрле ұта бастады. Алтыншы сетте біздің спортшы Фан Жендонгтан 10:9 есебімен басым тұрды. Егер соңына дейін жеңісті бермегенде, жетінші кезеңде есеп теңесер еді. Өкінішке қарай, әлемнің бірінші ракеткасы жеңісті оңайлықпен бермейді. Кирилл үшін аталған кездесу үлкен тәжірибе болды», - дейді ұлттық құраманың кеңесшісі Дмитрий Левенко.