• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Білім 21 Қаңтар, 2019

Кеген ауданының оқушылары coworking-сыныпта оқиды

539 рет
көрсетілді

Алматы облысының Кеген ауданындағы жалпы білім беретін №3 мектепте биылғы оқу жылынан бастап coworking-сыныбы мен  робот техникасы кабинеті ашылған болатын.

Қазір ауыл оқушыларs 3D-модельдеу, анимациялар жасау , бейнемонтаждау бағыты бойынша дәріс үйреніп, жаңа технологияларға бейімделуде. Олар аз уақыттың ішінде робот та құрастырып үлгеріпті.

Жалпы Алматы облысында заманға сай техникамен жабдықталған IT-сыныптар мен робот техникасы кабинеттерін ашуға жергілікті бюджеттен 220 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржыға мектептерде арнайы сыныптарды жасақталып, оқушылардың цифрландыру бағдарламасына сай білім алуына жағдай жасалуда. Ал Кеген ауданы бойынша ашылатын IT-сыныптар саны биыл көбейіп, жалпы саны беске жетпекші.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар