• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қаңтар, 2019

Солтүстік Қазақстан полицейлеріне жеңіл көлік пен ақшалай сыйақылар тапсырылды

271 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті өткен жылды қорытындылап, ең үздіктерді марапаттады.

2018 жылы қылмыстық құқық бұзушылық көрсеткіштері 5,6 процентке  төмендеген. Оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері  11 процентке кеміген Жалпы қылмыстардың ашылуы 70,1 процентті құраған. Матариалдық-техникалық базаны нығайтуға  облыстық қазынадан 5 миллиард теңге бөлінген. Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов жергілікті жердегі  криминогендік ахуалға жан-жақты тоқталып, жағдайдың тұрақты екенін атап өтті. 

Ведомоство басшысы, тұтастай алғанда, былтырғы жыл табысты қорытындыланғанын айта келіп,  жедел-қызметтік жұмыстың қорытындыларын жариялады. Ол бойынша  Жамбыл, Уәлиханов, Шал ақын аудандарының  полиция бөлімдері  жеңімпаз ретінде танылып, әрқайсысына 1 миллион, 500 мың және  300 мың теңгенің ақшалай сертификаттары табыс етілді.

Былтыр жарияланған «Полиция  департаментінде кадр резерві жылы» байқауының жеңімпазы атанған Тайынша аудандық бөліміне қызметтік су жаңа «Лада Веста» көлігінің кілті тарту етілді. Екінші, үшінші орындарды  Есіл, Мамлют аудандарының полиция бөімдері бөлісті.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы