Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:30
Алматы 2012 жылғы 7 қаңтар
Д.А. Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған ескерткіш монеталарды айналысқа шығару туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 7 қаңтарда Д.А. Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған күмістен жасалған номиналы 500 теңгелік және нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 50 теңгелік ескерткіш монеталарды айналысқа шығарады.
Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:30
Алматы 2012 жылғы 7 қаңтар
Д.А. Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған ескерткіш монеталарды айналысқа шығару туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылғы 7 қаңтарда Д.А. Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған күмістен жасалған номиналы 500 теңгелік және нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 50 теңгелік ескерткіш монеталарды айналысқа шығарады.
Ескерткіш күміс монетаның сипаттамасы:
Монетаның нысаны сегіз қырлы.
Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы және Қазақ КСР елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде екі жолға орналасқан және монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу. Номиналдың сол жағында монета дайындалған металды, оның сынамын білдіретін «Ag 925», оң жағында монетаның массасын білдіретін – «31,1 gr.» деген жазу орналасқан. Жоғары бөлігінде - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың стильдендірілген қырынан бейнеленген суреті аясында көлемді бейнесі салынған. Оның астында қойған қолының факсимилесі мен монетаның соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан. Оң жақ бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «Д.А. Қонаев 100 жыл» деген жазу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.
Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген.
Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазу жоқ.
Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы – 5 мың дана.
Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монетаның сипаттамасы:
Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің оң жағында «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың қырынан кескінделген бейнесі. Монетаның жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «Д.А. ҚОНАЕВ» деген жазу, төменгі бөлігінде – туған жылы мен монетаның соғылған жылын білдіретін «1912-2012» деген сандар орналасқан. Айналдыра моншақ тәріздес доға және шығыңқы жиек жүргізілген.
Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер және жазбалар бедерленген.
Қыры (гурты) бедерлі.
Монета «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 50 мың дана.
Номиналы 500 және 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсініктемесі
2012 жылғы 12 қаңтарда Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толады.
Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың ғалым, академик, көрнекті мемлекет қайраткері ретіндегі бүкіл еңбек жолы мемлекеттің және бүкіл көпұлтты Қазақстан халқының гүлденуіне бағытталды.
Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
Ескерткіш монеталардың бір мың данасы сату үшін арнайы термовакуумды пластик ораумен шығарылған.
Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны (727) 273-83-98.