• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №1/154

381 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №1/154

Сенбі, 7 қаңтар 2012 8:10

2012 жылғы 6 қаңтар, Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 6-тармағының 5) тармақша­сы­на сәйкес пар­тиялық тізімге енгізілген адамд­ар­дың және олар­дың зайыбының (жұбайының) декларацияда көр­сет­кен табысы мен мүлкі туралы мәлі­меттердің дұрыс емес­тігінің анықталуына байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­мис­сиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 65/122 қаулысымен бекітілген «Нұр Отан» ха­лықтық-де­мо­кратиялық партиясының партиялық тізіміндегі:

Абдуллин Нұрлан Мұқанұлы, Акчурин Асхат Харисович, Әубәкірова Жәния Яхияқызы алынып тасталсын;

2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 66/125 қаулысымен бекітілген «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясының партия­лық тізіміндегі:

Барлыбаев Ерлан Хайланұлы, Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы, Ерғалиев Телеубек Нұрсұл­танұлы, Жампейісов Көпесбай Оразбайұлы, Момышев Болат Амангелдіұлы алынып тасталсын;

3) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­­­мис­сиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 67/ 126 қаулысымен бекітілген Жалпыұлттық со­ци­ал-демократиялық партияның партиялық тізіміндегі:

Дәукенов Аманжол Мизамбайұлы, Ихсанов Өтеген Ихсанұлы, Пірмат Шаруа, Рақымберлин Серік алынып тасталсын;

4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­­­мис­сиясының 2011 жылғы 10 желтоқсандағы № 69/128 қаулысымен бекітілген «Қазақстан социал-де­мо­кра­тиялық «Ауыл» партиясының партиялық тізіміндегі:

Ақтаев Қасымхан Ақтайұлы алынып тасталсын;

5) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 71/130 қаулысымен бекітілген «Әділет» Демо­кра­тиялық партиясының партиялық тізіміндегі:

Бекішева Шәйзада Нөгербекқызы, Князбек­ова Гүлмира Шорақызы, Қалыбай Жарылқап Сейд­лә­ұлы алынып тасталсын;

6) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 71/131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Патриоттары партиясының партиялық тізіміндегі:

Аманбаев Берік Нұрманұлы, Лопаткин Владимир Федорович алынып тасталсын.

2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралда­рын­да жариялансын.

 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.МЕЛДЕШОВ