• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасының Заңы №521-ІV ҚРЗ

256 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Заңы №521-ІV ҚРЗ

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 7:51

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыОсы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жыл­дығына байланысты, iзгiлiк қағи­даты басшылыққа алына отырып қа­былданды.1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдарОсы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:1) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасында аталған адамдар – қыл­мыс жасаған кезiнде он сегiз жасқа толмаған адамдар;2) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 2) тармақшасында аталған адамдар:осы Заң қолданысқа енгiзілетін күн­ге жүктi әйелдер;

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 7:51

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыОсы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жыл­дығына байланысты, iзгiлiк қағи­даты басшылыққа алына отырып қа­былданды.1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдарОсы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:1) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасында аталған адамдар – қыл­мыс жасаған кезiнде он сегiз жасқа толмаған адамдар;2) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 2) тармақшасында аталған адамдар:осы Заң қолданысқа енгiзілетін күн­ге жүктi әйелдер;

осы Заң қолданысқа енгiзілетін күн­ге ата-ана құқықтарынан айы­рылмаған және он сегiз жасқа толмаған балалары, оның iшiнде асырап алған не қор­ғаншылыққа және (немесе) қамқоршы­лыққа алған балалары бар не қамал­ғанға және сотталғанға дейін асырауында жастарына қарамастан І және ІІ топтардағы мүгедек балалары болған әйелдер;осы Заң қолданысқа енгiзілетін кезге кәмелетке толмаған балалардың жал­ғыз ата-анасы болып табылатын және ата-ана құқықтарынан айырылмаған ер адамдар;3) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында аталған адамдар – осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қа­зақстан Республикасының заңнамасын­да белгiленген тәртiппен I, II және III топтағы мүгедектер деп танылған адамдар;4) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 4) тармақшасында аталған адамдар – осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн елуге толған және одан жоғары жастағы әйелдер, алпыс үшке толған және одан жоғары жастағы ер адамдар;5) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 5) тармақшасында аталған адамдар – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;6) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 6) тармақшасында аталған адамдар – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, оның ішін­де бұрынғы КСР Одағының, әске­ри немесе интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызмет­шілерінің басқа тіркелген некеге тұр­маған жесірлері, сондай-ақ соғыс мүгедектерінің және оларға теңес­тіріл­ген адамдардың әйелдері.2-бап. Жазадан босатылатын адамдар1. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған адамдар:1) кәмелетке толмағандар;2) жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған немесе І және ІІ топтардағы мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ кә­ме­летке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдар;3) I, II және III топтағы мүгедектер;4) елуге толған және одан жоғары жастағы әйелдер, алпыс үшке толған және одан жоғары жастағы ер адамдар;5) Ұлы Отан соғысының қаты­сушылары мен мүгедектері және олар­ға теңестірілген адамдар;6) әскери және интернационалдық борышын атқару кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесiрлерi, сон­дай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар болып табылатын әйелдер жазадан босатылады.2. Осы баптың 1-тармағының қолда­нылу аясына жатпайтын, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қыл­мыстар үшiн сотталған адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен бiр бөлігiн өтеген болса, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазадан босатылады.3. Осы баптың 1 және 2-тармақ­тары­ның қолданылу аясына жатпайтын адамдар:1) Қазақстан Республикасы Қылмыс­тық кодексiнiң 63-бабы қолданыла отырып, сот үкiмi бойынша бас бостан­дығынан айыру түрiндегi жаза та­ғайын­далып, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған адамдар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 70 және 73-баптарының негiзiнде сот тағайындаған жазасын өтеуден боса­тылған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 71-бабы қолданыла отырып, сот тағайындаған жазасы неғұрлым жеңiл жаза түрiне ауыстырылған адамдар;2) Қазақстан Республикасы Қылмыс­тық кодексiнiң 72-бабына сәйкес сот үкiмiнiң орындалуы кейiнге қалды­рылған, онша ауыр емес және ауыр­лығы орташа қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жүктi әйелдер және жас балалары бар әйелдер, жас балаларды жалғыз өзi тәрбиелейтiн ер адамдар;3) онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшiн бас бостан­дығынан айыруға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған адамдар, егер бұл жаза негiзгi жаза түрiнде қол­данылған болса, жазадан босатылады.3-бап. Жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқартуОнша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшiн бас бостан­дығы­нан айыруға сотталған, осы Заңның 2-бабының негiзiнде жазадан босатуға жатпайтын адамдардың жазасының өтелмеген бөлiгiнiң жартысы қыс­қартылады.4-бап. Қылмыстық істерді қоз­ғау­дан бас тарту және оларды тоқтатуОсы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жасалған, олар үшін бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы немесе бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза көзделген онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы қылмыстық iстер және соттар қарамаған істер Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүр­гізу заңнамасында көзделген тәртіппен іс қозғаудан бас тартылуға және іс жүргізілуі тоқтатылуға жатады.Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кеткен әскери қызмет­шiлер, егер олар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін алты айдан кешік­пей әскери басқару, әскери полиция органдарына немесе құқық қорғау органдарына кінәсін мойындап келсе, қыл­мыстық жауаптылықтан босатылады.5-бап. Рақымшылық жасауды қол­дану шарттары1. Осы Заңның 2-бабының 1-тар­мағында аталған адамдарға қатысты рақымшылық жасауды қолдану үшін олардың мәртебесін растайтын құжат­тардың болуы міндетті.2. Осы Заңның 2-бабының 2-тарма­ғында және 3-бабында көзделген жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн өтеу осы Заң қолданысқа енгiзiлетін күнге есеп­теледi.3. Қылмыстардың жиынтығы болған кезде, егер олардың бiреуі ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып табылса, ра­қымшылық жасау қолданылмайды.4. Рақымшылық жасау аясына жат­қызылған адамдар негiзгi жазадан босатылады.5. Осы Заңды қолдану кезiнде сот­тылықты алып тастау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 77-бабында белгiленген жалпы негiздерде жүргiзiледi.6. Егер өзiне қатысты рақымшылық жасау қолданылуы мүмкiн адам бұған қарсы болған жағдайда, рақымшылық жасау қолданылмайды.6-бап. Қазақстан Республи­касы­ның соттары соттаған, бiрақ жазасын оның шегiнен тыс жерлерде өтеп жүрген адамдарға рақым­шы­лық жасауды қолдануҚазақстан Республикасының соттары соттаған, бiрақ жазасын оның ше­гiнен тыс жерлерде өтеп жүрген адам­дарға рақымшылық жасауды қолдану туралы мәселенi Қазақстан Республикасы қа­тысушысы болып табылатын халық­аралық шарттардың негiзiнде, аумағында сот үкiмiн орындау жүзеге асырылып жатқан мемлекеттiң құзы­реттi орга­нының ұсынуы бойынша Қазақстан Рес­публикасының соттары шешедi.Қазақстан Республикасы тиiстi ха­лықаралық шарттар жасаспаған шет мемлекеттерден бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны одан әрi өтеу үшiн Қазақстан Республикасына берiл­ген адамдарға рақымшылық жасау мұндай адамдарды берген мемлекет­тердiң құзыреттi органдарының келi­сiмiмен ғана қолданылады.7-бап. Осы Заңды қолдану тәртібі1. Осы Заңның 2 және 3-баптарын қолдану сотталған адамдар жазаларын өтеп жатқан жердегі соттарға жүк­теледі.2. Осы Заңның 4-бабын қолдану қыл­­мыстық процесті жүргiзуші орган­дарға жүктеледі.3. Осы Заңды қолдану прокурор санкция берген қылмыстық процесті жүргізуші органның (лауазымды адам­ның) қаулысы негізінде, сондай-ақ сот қаулысы негізінде жүргізіледі.4. Жазаны орындаушы мекемелер мен органдар осы Заңның уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақ­сатында соттарға мынадай құжаттарды:1) жазаны одан әрі өтеуден босату туралы не тағайындалған жаза мер­зімін қысқарту туралы ұсынымды;2) сот үкімінен үзінді көшірмені (оған енгізілген өзгерістерімен қоса, егер сондай өзгерістер орын алған болса);3) осы Заң қолданысқа енгізілетін кезге жазаның өтелген және қалған мерзімі туралы мәліметтерді;4) сотталған адамның жеке немесе бақылау ісін;5) осы Заңның 2-бабының 1-тар­мағында аталған адамдардың мәрте­бесін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.5. Соттар осы Заңды қолданған кезде прокурордың қатысуы міндетті.8-бап. Осы Заңның орындалу мер­зімі7-баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген органдар осы Заң қол­данысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде оның орындалуын қам­тамасыз етуге міндетті.9-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібіОсы Заң алғашқы ресми жария­ланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.10-бап. Осы Заңды іске асыру жө­ніндегі шараларҚазақстан Республикасының Үкiметі және облыстардың, республикалық ма­ңызы бар қала мен астананың жер­гілікті атқарушы органдары:1) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және зайыбы (жұ­байы) немесе жақын туыстары жоқ I және II топтағы мүгедектер мен жа­сының егде тартуына байланысты өзiн-өзi күте алмайтын адамдарды ста­ционарлық үлгiдегi медициналық-әлеу­меттiк мекемелерге (ұйымдарға) орналастыру;2) босатылған кәмелетке толма­ған­дарды ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не маман­дан­дырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;3) сот үкiмiмен тағайындалған, осы Заң қолданысқа енгiзiлетін кезде үкiмді орындау барысында аяқталмай қалған ем қабылдаудың жалғастырылуын қамтамасыз ету;4) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылғандарды белгiлi бiр тұрғылықты жері жоқ адамдарға арнал­ған әлеуметтiк бейiмдеу орталық­та­рына орналастыру жөнiнде шаралар қолдансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 28-і.