Қарағанды облысында 20 қаңтар күні балық аулауға кеткен төрт ер адам із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Арада бір күн өткенде Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері оларды Абай ауданындағы Сасықкөл көлінің солтүстік-шығысына қарай 2 шақырым жерден тапты.
Сондай-ақ, Ұлытау ауданында қыстақтан шығып, Жезді елді мекеніне жетпей адасып кеткен ер адамды да құтқарушылар бір күннен кейін тауып алды. Сөйтсе, ол қыстақтан 10 шақырым ұзап барып, бағытынан жаңылып қалған екен.
ТЖД қызметкерлерінің мәліметіне сай, құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмаған.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы