• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1719

280 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1719

Сенбі, 14 қаңтар 2012 6:00

2011 жылғы 30 желтоқсан, Астана, Үкімет ҮйіМемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы туралы

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаң­тар­дағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мемлекеттік орган­дардың бірыңғай көлік ортасының операторы болып белгіленсін.2. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы:1) мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпарат­тық-коммуникациялық желілерін интеграциялауды жүзеге асырады;2) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;

3) аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көр­сетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының телекоммуникация желісінің жұ­мыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және байланыс саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына, сондай-ақ әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады;5) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арналарының ақпараттық қауіп­сіздігін қамтамасыз ету жүйесінің және ақпаратты криптографиялық қорғау құрал­дарының жұмыс істеуін жүзеге асырады. Ақпаратты криптографиялық қорғау құрал­дарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының байланыс арналары бойынша ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуден қорғау жөніндегі іс-шара­лар бірлескен құпия жұмыстарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ақпа­ратты қорғау бойынша) жұмыстарын орындау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді қорғау «Ақпарат­тандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы қызметті рет­тей­тін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.3. «Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1268 қаулысының күші жойылды деп танылсын.4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.